“Халық Қаһарманы” атағының
иегерлері
|
Хиуаз Қайырқызы Доспанова Ұшқыштық өмір
жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш
Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында
300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз
Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты
қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Сұрапыл
соғыс жылдары етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған
осындай қаракөз қазақ қыздарының батылдығын,
батырлығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ
шығар... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана
емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Хиуаз Астраханьдағы
балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан.
Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде
тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің
естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын
бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық
бар ма деп қалдық. Алғырлық, қайсарлық,
адалдық. Міне, екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын
үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш
болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе
де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған
жылдары Москвадағы Жуковский атындағы әскери-әуе
Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған
білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын
училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына
тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина
Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен.
Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова,
Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды.
Бала сүйіп, сүйікті
әже атанып отырған Хиуаз апай Соғысты Берлин түбінде
аяқтаған ол Жеңіс күнін Москваның Қызыл
Алаңында тойлағанды армандаған екен. Ол арманына да жетеді.
Енді міне, арада 63 жыл өтті. Белгілісі бар, белгісізі бар, Ұлы
Отан соғысының кез келген қаһарманының ерлігі
мен бейнесі тарих беттерінде мәңгі сақталып, ұрпақ
алдында қашанда асқақ көрінетініне кәміл сенуге
болады. ТІРІ ҚАЛҒАНЫМА ТАҢҒАЛАМЫН» ДЕЙДІ АСПАННАН 14 РЕТ ҚҰЛАҒАН
«ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» ХИУАЗ АПА |