Ү
л г і
л і с
а б а қ т
а р |
|
...Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас, Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған, Ерлерді ұмытса да ел,шөл ұмытпас... ...Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан, Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. Арқаның селі, желі, шөлі, белі, - Ерлерді ұмытса да, ел де ұмытпас «Батыр Баян» - қазақ поэзиясының Оқжетпестей биігі, қымбат та асыл мұрасы. Жүрегіммен
зарлымын жаралыға, Сұм өмір
абақты ғой саналыға. Қызыл тіл қолым
емес,кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да. Қу өмір қызығы жоқ
қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға... Мағжан
Мағжан -ата-бабасы түрікті ,алашын жан тәнімен сүйген, азаттықты аңсаған
,отаршылдыққа қарсы өлең жолдарын
жазған халқының ұлтжанды ұлдарының бірі.
М.Әуезов Сабақтың мақсаты: а)Білімділік: Поэмадағы Абылай,Баян,Ноян
бейнелерін
Поэма сөздерінің әуезділігі. - Мағжанға тән нәзік
сыры, жұмсақ ,сүйкімді үні. - Поэманың тарихи сипаты,аңыздық
бояуы. - Ұлт-азаттық күрес, халықтан
шыққан батырлар. -
Романтикалық шешім,асқақ рух,өршіл үн. «Баянның іздері мәңгілік халыққа
сәуле боп тарайды…» Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру. а)Өтілген
сабақтың тақырыбын және мақсатын түсіндіру. ә) Қызығушылығын
ояту Кіріспе:
/мұғалім
сөзі/ -Балалар,біз XX ғасырдың
басындағы қазақ позициясының хаңтәнірі,ақындар
плеядосының “таңшолпаны” Мағжанның
Поэма сюжеті XVIII ғ.қазақ-қалмақ арасындағы
аласапыран,қиын қыстау күрделі заманды бейнелеп,ұлт
азаттығы,хаық бостандығы жолында жан аямай күрескен,тарихта
болған Баяндай батырдың басына құрылады.
Сондықтан Мағжан қазақ азаматтарына әрі
сын тағып,әрі ауыр міндет жүктеп,олардың алдына Абылай
хан мен Батыр Баянды,Абылай ханды идеал етіп ұсынады.Олардың
елдік,ерлік,даналық,адамдық істерін санада,жүректе
жаңғыртады.
Мінеки,сондықтан бүгінгі сабағымызда “Батыр Баян”
поэмасында кездесетін образдарға сипаттама беру.
Ендеше Батыр Баян қандай бейне?атты әдеби-ой талқы
сабағымыздың бірінші сауалы өздеріңде. II.Жалпы сыныптық тапсырма a) Поэма сюжетіне арқау болған
оқиғаны баяндау. ә)
Сұрақ-жауап /үй тапсырмасы/ Мұғалім: -Балалар, XVIII ғасырдағы
ел қорғаған батыр ірі тарихи тұлға даңқты
адамға Мағжанға дастан арнауының көптеген
себептері бар.Өйткені, кез келген ақын,жазушының белгілі
бір шығарманы жазу үшін соған итермелейтін себептері
болады.Себеп-салдарсыз туындының өмірге келуі мүмкін
емес.Мағжан шығармашылығын жақсы білетін.М.Әуезов
“Мағжан-ата-бабасы түрікті,алашын жан-тәнімен сүйген,азаттықты
аңсаған,отаршылдыққа қарсы өлең
жолдарын жазған, халқының ұлтжанды ұлдарының
бірі”- деуінде үлкен мән бар.Ақын - әлемдік
әдебиеттің таңдаулы үрдістерін және өз
халқының сан ғасырлық даналығын бойына бірдей
сіңіре алған адам. Не көрсем де алаш үшін көргенмін, Маған атақ—ұлтым үшін өлгенім. Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін. Мағжан 2-cұрақ:
М.Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасын жазуға қандай
себептер ұйтқы болды? /оқушы
жауабы,шағын пікірлерін тыңдау/ Міндеті: (Оқушының қызуғышылығын
арттыру мақсатында “Батыр Баян”
поэмасын қалай және қайтіп жазылғандығынан алғашқы
сабақта берілген түсініктеме бойынша және өз
ізденісін, пікірлерін, логикалық ойымен айтып,жалғастырады) а) Поэманың қалай және
қайтіп жазылғандығын мағлұмат беру. “Баянның іздері мәңгілік
халыққа сәуле боп тарайды ...” Мұғалім: М.Жұмабаевтың әжесі Баянның
немере қызы Мағжан-Баянның ақылды немересі,әділдігімен
аты шыққан Байтоқа бидің әңгімесін тыңдап,өсиетіне
ұйып,батасын алған.Осының бәрі жас ақыннын көкірегіне
қарт батырдың бейнесін ұялатқаны анық.Сонымен
бірге Мағжан Баянға қатысы бар жазба мағлұматтарды
да жетік білгені байқалады.Сондағы негізгі сүйенгені-Шоқан
еңбектері 1904 жылы Петербургте Н.И.Веселовский шығарған Шоқанның
бір томдығы Мағжанның қолынан түспес кітабына
айналған. Бар
болмысым, Рухыммен, Жігеріммен, Уалиханов
Шоқанды сүйемін мен. Ғасырлар
қойнауынан жарып шыққан, Жан
даусын естимін жүрегімнен. 3-сұрақ: Дастанда Баянның туған
інісі ретінде алынған Ноян кім?Баянның махаббат үшін оны
атып өлтірілгендігі рас па? Жауап: Мағжанның Ноян деп алғаны
Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы-Қыстаубай.Ел
есіндегі әңгімеге қарғанда Қыстаубай расында да
ауылдағы қалмақтың Лағда деген қызын алып
қашса керек.Баласының қылығына Сары батыр қатты
долданады.Сары батыр долданса,соғыста екі көзін қан жауып
кетеді екен.Қашан он шақты дұшпанын сүйреп тастағанша
көзі ашылмайды.Оған дейін шылбыры Баянның тақымында жүреді
екен.Сол Сары: “Қыстаубайды қуып жетіп өлтір, киімі мен қару-жарағын
көзімше көм”-деп Баянды жұмсайды.Баян Қыстаубайды
қуып жетіп,бір қабат киімін алып,қозының қанына
малып, Сарыға алып келеді. Қыстаубайдың нағашылары
кіші жүзде екен. Кейін алты алаш дүр көтерілген бір соғыста
кіші жүз әскерімен келген ұлын көріп, Сары батыр
жібудің орнына Баян батырға қаттырақ ренжіпті деседі. Мұғалім: Поэмада Мағжан нақты деректер мен аңыздарды
бұлжытпай қайталауды мақсат етпеген.Баян,қыз,Ноян
арасындағы махаббат өрті сюжеттік желі болып тартылғанымен,дастан
“ғашық жар”аясында қалмай,үлкен ел сүйгіштік
идеяға негіздейтін шығарма.Ақын мүддесі-Шоқанның
сөзімен айтсақ: “Абылайдың ең аяулы батыры Баянның
ұлы тұлғасын сомдау”болды. “Батыр Баян ” ақын шығармалары
ішіндегі ең әсерлі,ақынның ғажайып суреткерлік
талантын мейлінше таңытқан поэма. Ақын поэма жазудағы мақсатын
былай түсіндіреді? Жауап: Жүрегіммен
зарлымын жаралыға, Сұм өмір
абақты ғой саналыға, Қызыл
тіл қолым емес, кісендеулі, Сондықтан
жаным күйіп жанады да, Қу өмір
қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып
қарауым сол баяғыға, -деп, басталатын
атақты “Батыр Баян” поэмасын Мағжан ақын отызға толған
жасында 1923 жылы Ташкентте Мұхтар Әуезовтің пәтер
үйінде бір түнде жазып шыққан еді.Бүгінде қалың
қазақтың рухани игілігіне айналып, мәдениеттін
төрінен ойып орын алған бұл ғажайып жыр бізге
ерлікке толы Абылай хан заманынан
бір мұңды сырды шертеді. “Батыр Баян” – қазақ халқының
сан ғасырға созылған даңқты қаһармандық
дәстүрінің айнасы іспетті, батырлар
жырының экранға тұңғыш жол тартуы немесе қазақ
батырларының бейнесін тірілтуге жасалған тұңғыш
қадам. Сонау Қарақыпшақ
Қобыландыдан бастап, кешегі Исатай, Махамбетке дейінгі қазақ
батырлары экранға, ат ойнатып, ағындап
шыға келіп,бүгінімізді дүбірге толтырып, қалғулы
санамызды қиқулап оятып,езіліп қалған
еңсемізді көтеріп, елімізді ерен
ерлікке,бірлікке,тірлікке,ірілікке бастаған халық арманы емес пе
еді Поэзия
минуты /ақын монолігі/ /Мағжан
өлеңдерінен жатқа үзінділер оқу арқылы оқушылар
монологтік баяндау мен өз ойларын айшықтау/ Не көрсемде алаш үшін
көргенмін, Маған атақ ұлтым үшін
өлгенім. Мен өлсем де, алаш өлмес,
көркейер, Істей берсін қолдарынан
келгенін
(Мағжан) ...
Қиын күн туған алаш баласына! Шұбыртып жапанның сар
даласында. Кез болған жаудан үркіп “Ақтабанға”, Дұшпаннын қалғандай бір
табасына. Арқаға аяқ салып түскен
барып, Екі оттың орыс, қытай арасына
… ...Артында-ор, алдында- көр, жан-жағы
жау, Дағдарған алаш енді қайда
бармақ?... Қу өмір қызығы
жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға. Түйіннің тоқсан түрлі
шешуі бар, Әдемі ертегідей баяғыға. Әдемі өткенді ойлап
айнымасам, Сұм өмір күшті уын
аяды ма? Ертегі уатпай ма баланы да, Сөз сиқыр ғой,
жазбай ма жараны да .. ... Арқаның көз жіберсем
алабына: Сарыарқа-сары дария қиыры жоқ, Кез болсын қандай қыран даланы
да, Ішінде сары дария көз тоқтатар Көкшетау – Сары арқаның аралы да ... Ой түйіндеу 4-cұрақ: Жер жаннаты Көкше көрінісін суреттеудегі Мағжанның қандай жетістігін байқадыңдар? Жауап: Мағжан ақын сұлу Көкшені
ардақтап жырға қосқан.Оны “Сарыарқаның
аралы,жер еркесі” деп сүйсіне суреттейді.Оқжетпесті қырандар
ұясына теңесе,мөп-мөлдір Бурабайды айға ұқсатады. Мысалы: Оқжетпестей найза қия-қыранға
ұя, Қарасаң жанның шері
тарқамай ма? Солардың ортасында Бурабай көл, Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек
ұқсайды айға,- деп жырлаған. Олай болса, Мағжан суреттеуіндегі Көкше,
Сәкен ақын суретінен бірде кем емес. Қайта Мағжан
сыртқы жалаң көріністен гөрі ішкі дүниені айқын,
суреттеуге тырысады.Табиғат пен адамды қоса суреттей отырып,тіпті
замана туралы да ой тастайды. б)Талдау
жұмысы /Ноян мен қалмақ қызы/ Міндеті: /оқушылар өз жүрекжарды
ойларын ақын өлеңдерімен
жалғастыра
талдау/ Мұғалім: /сұрақ-жауап/ -Балалар,әсіресе-поэмадағы елеулі оқиғаға
өзек болған жас жігіттің қолға түскен қалмақ қызына деген сүйіспеншілігін,
ару сұлулығын ақын поэма тілімен қалай суреттеген? Оқушы: /ару сұлулығы/ Торғын ет,шапақтай бет
тісі меруерт, Сөздері су сылдырап құйылғандай. Бір улап көзқарасы,бір
айнытқан. Жұлдызай еркелеген сөнбей-жанбай, Лебізі-жібек лебі,жұмсақ
желі. Кәусардай татқан
адам қалар қанбай, ....Келгенде-ақ сұлудың
бір қарауынан. Ноянның жүрегінде
ұшқын туған, Сол ұшқын өртке
айналып жап-жас Ноян. Алысып жүрегімен,аласұрған
... ...Жас Ноян қызды көріп от
боп кетті, Көздері қызыл
жалын шоқ боп кетті. Жер мен көк,
ай жұлдызды тұман басып, Бір қыздан
басқа нәрсе жоқ боп кетті. Мұғалім: /сұрақ-тапсырма/ Мұғалім: Бұл тұста “сатқындық
кешірілмейді” деген идея орыс жазушысы Н.В.Гогольдің 1839-1841
жылдары жазылған “Тарас Бульба” повесіне арқау болғанын
еске саламыз.Шығармада Тарастың екі ұлы болғаны,
үлкені Остаптың елі үшін арпалысып , қолға
түсіп, азаппен өлтіріледі де намысын, сақтай білгені, сол үшін
әке сүйіспеншілігіне бөленгені, ал кішісі Андрийдің керісінше болып шыққаны
белгілі. Шығармада жау жақтың қызының азғыруына
еріп, өз адамдарына қарсы қол көтерген Андрийді ұстап алғанда, әкесінің: III.Ситуациялық
сұрақтар Мұғалім: Мұғалім: IV.Танымдық ізденіс жұмыстары. «Баян – алашын ардақтаған батыр, биік адамгершіліктің, ұлы
рухтың адамы.»
Баян бейнесі : Бас кейіпкердің айбатты данышпан, дана бейнесінің көрінуі. Баянның хас батырдай түр – тұлғасы, іс - әрекеті,
халқының азаттығы жолында туған бауырын құрбан
ету. Мұңы, зары, өкініші. Ноян мен қалмақ қызы. Махаббат пен кек А)Сұрақ – жауап әдісі: 2. “Өмір сүру
формасы,өмір үшін күрес ” деген ұғымның
мәні неде? VII.Үйге тапсырма: 1.“Батыр Баян” поэмасындағы Пайдаланылған әдебиеттер: |