Ата –
аналар ұйымы |
Өткізілген шаралар |
Ардагерлер кеңесінің облыстық семинарына байланысты №114
мектепете өтетін іс-шаралар жоспары. І бөлім.
І қабатта
Облыстан,ауданнан келген ардагарлерді,қонақтарды қарсы
алу рәсімі. 1.Мектептің 2008-2009 оқу жылындағы
ҰБТ,МАБ,олимпиада қорытындысына байланысты стенд мәліметтерімен
таныстыру. (Мектеп директоры А.Ахметжанов) 2.Мектеп оқушыларының дайындаған
әдеби-арнау монтажы. (арнау өлеңдер,тақпақтар) ІІ бөлім. І қабатта Мектепте өтетін мерекелік іс-шаралар кестесі. 1.Мектеп «Шағын орталықтың»
безендірілуі: Шарлар, нақыл сөздер,ертегілер стендісі,жалаушалар,
шараға байланысты суреттер. Өтілетін шара: «Мен де атамдай боламын» бағытындағы
шағын орталық бүлдіршіндерінің аталарымен бірлескен
«Ертегілер еліне саяхат» тақырыбындағы ертеңгілік. Уақыты: Өтетін орны: Мектеп
шағын орталығы ІІ қабатта 2. Спорт залдың безендірілуі: Шарлар,
плакат жазулары,жалаушалар, спорттық инвентарлар. Өтілетін шара: Мектептің дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі Д.Абызыовтың ұйымдастыруымен салауатты өмір
салтын қалыптастыру мақсатында «Әкем,шешем және мен»
тақырыбында жанұялық спорттық сайыс. Уақыты: Өтілетін орны: Мектеп спорт залы ІІ қабатта 3.Мектеп АКТ залының безендірілуі: Шарлар,
плакатқа жазылған нақыл сөздер, газеттер. Өтілетін шара:
«Бабалар мұрағаты бізге аманат»бағытында «Іскер әже,
ұғымтал немере» тақырыбындағы бабадан қалған
қол өнер бұйымдарын келер ұрпаққа
насихаттау мақсатындағы әжелер кеңесі. Уақыты: Өтетін орны: Мектеп
акт залы ІІ қабатта 4. Ардагерлер бөлмесінің
безендірілуі: Шарлар,ардагерлер өмірінен фото альбомдар,журналдар,стенд,ардегерлердің
әлеуметтік картасы. Өтілетін шара:
Мектептегі «Жас ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен
«Рухани адамгершілік тәрбиесі» бағытында «Имандылық негізі қарттарды
сыйлаудан басталады» тақырыбындағы оқушылардың ауыл қарттарымен,имамымен
кездесу кеші дөңгелек столы. (Сұрақ-жауаптар, пікірлесу,ой бөлісу,қорытындылау) Уақыты: Өтілетін орны:
Ардагерлер бөлмесі ІІІ бөлім.
І қабатта Ауыл өнімдерінен әзірленген
дастархан мәзірінен қонақтарға дәм-тұз
татқызу. Уақыты: Өтілетін орны:
Мектеп асханасы |