АЛҒАШҚЫ
ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
I.Бастауыш әскери дайындық пәнін оқытудағы
міндеттер. Бұл пәнді оқу
процесінде оқушылар ҚР-н қорғау жөніндегі құқықтарын
игеруі, ҚР Қарулы Күштері түрлерінің қызметін,
әскери қызмет пен азаматтық қорғаныс негіздерін
дұрыс түсініп, келешек жас жауынгерге қажет болатын білім
мен практикалық дағдыларды және психологиялық
бейімдеушілікті меңгеру тиіс. Олар
осы пәнді игерген біліктері мен икем-дағдыларын пайдалануы арқасында
тез арада жауынгершілік міндеттерін орындауға төсіліп, өзіне
сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техникаларды
меңгеріп кетуге дайын болу қажет. Пәнді
оқып-үйрену мен әскери-патриоттық тәрбиелік
шаралардың жүргізудегі басты міндет – жас ұланды еліміздің
тұтастығы мен беріктігін, оның тәуелсіздігін нығайту,
оны қорғауға қандай жағдайда да әзір тұру,
әскери антқа сәйкес әрбір жас азамат өзінің
Отан алдындағы әскери борышын адал орындау қажеттігін терең
түсінуіне сол үшінде алғашқы әскери дайындық
негіздерін толық игеруіне жету болып табылады. Оқушылар
БӘД пәнінде әскери істің және азаматтық қорғаныстың
негіздерімен, әскери жарғылардың негізгі талаптарымен
танысады, ату құралдарының құрлысын біліп,
олардан ата білу дағдыларын игере бастайды. Олар жергілікті жерде бағдарлау тәсілдерімен танысып болып, азимут
бойынша қозғалудан түсінік алады. Азаматтық қорғаныс
таруында олар қысқаша жаппай қырып жою құралдары
және олардың зақымдау факторлары, одан қорғанудың
жолдары, жеке және ұжымдық қорғану құралдары
мен олардың қабілеттері және т.басқалар оқып-үйреніп,
солар бойынша тиісті нормативтерді орындай алуы тиіс. Бұл
таруда оқушылар төтенше жағдайлардың сипаттарын,
олардан қорғану тәсілдерімен, медициналық- санитарлық
білім негіздерімен танысады және олар бойынша негізгі нормативтерді
орындауы керек. Биылғы
жылы республикамыздың ҚК-ң 15 жылдығына және ҚР Президенті, ҚК-ң Бас Қолбасшысы
Н.Назарбаевтың елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге
байланысты Қарулы Күштерді нығайту жөніндегі
талаптарына сай осы пән бойынша мектеп бітірушілер тексеру сынағын
толық тапсырып, тиісті нормативтерді орындағанда ғана басты
назарда ұстайтыны міндет.
|