Алғашқы әскери дайындық Тестік тапсырмалар |
Т- 3 АТЫС
ДАЙЫНДЫҒЫ
1-нұсқа
1. 7.62 мм
Калашников автоматының кейбір ұрыстық қасиеттерін атаңыз: А) Нақты атыс қашықтығы /м/ -
500, Атыс қарқыны/ату/мин/
- 600, Автомат массасы/кг/ - 3,2; Оқтың бастапқы жылдамдығы/м/с/
- 900; Б) Нақты атыс қашықтығы /м/ -
400, Атыс қарқыны/ату/мин/
- 600, Автомат массасы/кг/ - 3,6,
Оқтың бастапқы жылдамдығы/м/с/ - 715; В) Нақты атыс қашықтығы /м/ -
400; Атыс қарқыны/ату/мин/
- 550; Автомат массасы/кг/ - 3,5, Оқтың бастапқы
жылдамдығы/м/с/ - 725. 2.Автоматтың ұңғысымен бірге
орналасқан бөліктерін атаңыз. А)
ұңғы қорабы,көздеу құрылғысы,дүмбі,тапаншалық
тұтқа; Б) ұңғы қорабы,дүмбі,шетмойын,магазин,тапаншалық
тұтқа; В) ұңғы қорабы,көздеу құрылғысы,шетмойын. 3. РГД-5 жарықшақты
қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атаңыз. А) граната массасы
/г/ - 420; орташа лақтыру қашықтығы/м/ - 30-40; жарықшақтың зақымдау радиусы/м/ - 25; тұтандырғыштың
жану уақыты/с/ - 3,2-4,2; Б) граната массасы /г/ - 600; орташа лақтыру қашықтығы/м/
- 35-40; жарықшақтың
зақымдау радиусы/м/ - 200; тұтандырғыштың жану
уақыты/с/ - 3,2-4,2; В) граната массасы /г/ - 310; орташа лақтыру қашықтығы/м/
- 40-50; жарықшақтың
зақымдау радиусы/м/ - 25; тұтандырғыштың жану
уақыты/с/ - 3,2-4,2. 4. Жарықшақтарының
ұшу қашықтығына байланысты гранаттар қалай бөлінеді? А) РГД-5 - шабуылдық, Ф-1- қорғаныстық , РГ-42 - қорғаныстық; Б) РГД-5 - шабуылдық, Ф-1- қорғаныстық , РГ-42 - шабуылдық; В) РГД-5 - қорғаныстық, Ф-1- шабуылдық , РГ-42 - шабуылдық. 5. Қол жарықшақ гранаталары
мына бөліктерден тұрады: А) корпус,тұтандырғыш,жарылғыш
заряд; Б) корпус,тұтандырғыш,колпак; В) корпус,жарылғыш заряд,көмкерме. 6. Оқтың салмақ
орталығының ұшу кезінде сызатын қисық сызығы ... деп аталады. А) ату құбылысы; Б) траектория; В) көздеу сызығы. 7.
Қарауыл қалай болып бөлінеді? А) ұсақ, үлкен, тұтас. Б) майда,жатық,ірі; В) ұсақ,тегіс,ірі. 8. Қарудың әр
түрлі оқтары үшін ең алыс қашықтыққа
ұшу бұрышы шамамен неше градусқа тең? А) 35 градус; Б) 38 градус; В) 45 градус. 9. Нысанаға дейінгі қашықтықты
анықтаудың мыңдық формуласындағы белгілеулер нені көрсетеді?
Қ=(Б*1000)/Ш А) Қ - нысанаға дейінгі қашықтық
/м/, Б - нысананың бұрыштық шамасы; Ш - нысана биіктігі/м/; Б) Қ - нысанаға дейінгі қашықтық
/м/, Б - нысана биіктігі /м/; Ш - нысананың бұрыштық шамасы; В) Қ - нысананың мыңдық
формуласы, Б - нысана бұрышы; Ш - нысана шамасы. 10. Жарықшақты Ф-1 гранатасын алысқа
лақтырудың бағалау нормативі қандай? А) 25 метр-"3", 30
метр-"4", 35 метр-"5"; Б) 35 метр-"3", 40
метр-"4", 45 метр-"5". В) 30 метр-"3", 35
метр-"4", 40 метр-"5"; 11. Оқтың ұшу траекториясы қай
күштерге тәуелді болады? А) Оқтың салмақ күші
мен ауаның кедергі күшіне; Б) оқтың салмаққ күші
мен ауаның кедергі күші және дәрілік зарядтың
массасына;
В) оқтың салмақ күші мен ұңғыдағы
қысымның итеру күшіне. 12. Траекторияның нысана/жер,кедергі/ бетімен қиылысу нүктесі қалай
деп аталады? А) көздеу нүктесі; Б) құлау нүктесі;
В) кездесу нүктесі. 13.Атқыштық
көзінен көздеуіш ашасының ортасы мен қарауыл төбесі
арқылы өтетін сызық не? А) көтерілу сызығы; Б) кездесу нүктесі. В) көздеу сызығы; 14.
... автоматтың бөліктері мен механизмдерін қосу үшін,
ұңғы каналын бекітпемен жабуды және бекітпенің
бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. А) ұңғы; Б) Газ поршенімен бекітпе жақтауы; В) ұңғы қорабы. 15. ... бекітпемен қоса бекітпе жақтауын
алдыңғы жағдайға қайтаруға арналған. А) Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы; Б) Қайтарма механизм; В) Бекітпе. 16. ... газ поршенінің қозғалысын
бағыттау үшін және атыс кезінде қолды күюден сақтау үшін қызмет
етеді? А) Ұңғы батырмасымен бірге
газ түтігі; Б) Шетмойын; В) Газ поршенімен қоса. 17. Оқ-дәрі заряды жанған
кезде пайда болатын газдардың энергиясымен оқтың /гранаттың/
қару ұңғысының каналынан лақтырылуы ...
деп аталады. А) траектория; Б) ату; В) лақтыру. 18. Автомат мынадай негізгі бөліктер мен
механизмдерден тұрады: А) Ұңғы, ұңғы
қорабының қақпағы, газ поршенімен бекітпе жақтауы,
бекітпе, қайтарма механизм, соққыш-ағытқыш
механизм, шетмойын, магазин, сүңгі пышақ; Б) Ұңғы, газ поршенімен
бекітпе жақтауы, бекітпе, қайтарма механизм, ұңғы
жапсырмасымен газ түтігі,соққыш-ағытқыш
механизм,шетмойын,магазин,сүңгі-пышақ; В) Ұңғы, ұңғы
қорабының қақпағы, газ поршенімен бекітпе жақтауы,
бекітпе, қайтарма механизм, ұңғы жапсырмасымен газ түтігі,
соққыш-ағытқыш механизм, шетмойын,магазин, сүңгі-пышақ. 19. АК-74 автоматында магазиннің
сыйымдылығы қанша? А) 30 оқ; Б) 35 оқ; В) 40 оқ. 20. АК
- 74 автоматында оқтың бастапқы жылдамдығы неге тең? А) 725 м/с; Б) 715 м/с; В) 900 м/с.
|