Д е р е к т е р   қ о р ы

Еліміздің Тәуелсіздігіне – 20 жыл

“Халық Қаһарманы” атағының иегерлері

 

“Халық Қаһарманы” атағы 1993 жылы заңмен бекітілді.

“Халық Қаһарманы” атағы — Қазақстан Республикасына сіңірген қайталанбас ерен еңбегі үшін, Отан қорғауда, азаматтардың өмірін қауіпсіздендіру барысында ерлік көрсеткені үшін, Қазақстанның бостандығы мен Тәуелсіздігі жолында аянбай күрескені үшін берілетін жоғарғы дәрежелі атақ.

“Халық Қаһарманы” атағын алған адамға аса ерекшелік белгісі “Алтын жұлдыз” бен “Отан ордені” беріледі. “Халық қаһарманы” алтын жұлдызы көк түстікішігірім тақташа мен жеті ұшы бар алтын жұлдыздан тұрады. Ал “Отан ордені” қалыпты жағдайдағы жоғары дәрежелі “Отан ордені” болып табылады.

“Халық Қаһарманы” атағын алған қазақстандықтардың кейбірі:

Нұрмағамбетов Сағадат, ҚР тұңғыш Қорғаныс Министрі, армия генералы (1994 ж. 23-мамырдағы алғашқы жарлық);

Тоқтар Әубәкіров, ғарышкер (1995 ж. 12-қаңтардағы жарлық);

Талғат Мұсабаев, ғарышкер (1995 ж. 12-қаңтардағы жарлық);

Қасым Қайсенов, жазушы, ҰОС ардагері (1995 ж. 24-сәуірдегі жарлық);

Мұхтар Әлиев, академик, хирург (1995 ж. 29-желтоқсандағы жарлық);

Қайрат Рысқұлбеков, “Желтоқсан” көтерілісінің қаһарманы (1996 ж. 9-желтоқсандағы жарлық, бақилық болғаннан кейін);

Нұрғиса Тілендиев, сазгер (1998 ж. 24-тамыздағы жарлық);

Азербайжан Мәмбетов, театр режиссері, КСРО халық әртісі (1998 ж. 24-қазандағы жарлық);

Рахымжан Қошқарбаев, лейтенант, ҰОС-да ерлік көрсетіп, Рейхстагқа ту тіккен сардар (1999 ж. 7-мамырдағы жарлық, бақилық болғаннан кейін);

Доспанова Хиуаз Қайырқызы, Ұлы Отан Соғысына қатысқан жалғыз ғана ұшқыш қазақ қызы (2004 ж. 7-желтоқсандағы жарлық);

Мұхтар Алтынбаев, армия генералы, ҚР Қорғаныс министрі (2006 ж. 6-мамырдағы жарлық).

Азамат Жұмаділов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Hosted by uCoz