М    Е    К    Т    Е    П       Т  А  Р  И  Х  Ы  Н  А  Н

 

Біздің мектеп   

Мектеп тынысы   

Ұжым    

Мект.портфолиосы   

Мақтанышымыз  

Қаракеткен  

Аудан жайлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Біздің мектеп 1932-33 оқу жылы Ж. Жабаев атындағы бастауыш мектеп болып ашылған.Сол жылы мектепте 30-дан астам оқушы оқыпты.
  • 1939 жылдары мектеп жетіжылдыққа айналды
  • 1941-1943 жылдары, Ұлы отан соғысы кезінде Қаракеткенге Москва маңынан детдом / балалар үйі/ көшіп келіп, мектеп аралас мектеп ретінде, онда орыс, украйн, кәріс және т.б ұлт балалары оқиды. 1943 жылы детдом қайта көшіп, мектеп бұрынғы қалпына келген.
  • 1952-1953 оқу жылында ескі мектеп үйін су алып, сол жылы теміржолдың батыс бетінде жаңа мектеп үйі салынды. 60 жылдардың басында « Игілік » балық колхозы тарап, мектеп бастауышқа айналды. Көп ұзамай колхоз қайта құрылады.
  • 1962 жылы колхоз қаржысымен бастауыш типтегі жаңа жеті жылдық мектеп үйі пайдаланылуға беріледі. Сәл кейін мектепке қосымша бөлмелер қосылып кеңейтіледі.
  • 1964 -1965 оқу жылында мектеп сегізжылдық болып ашылады.
  • 1974 жылы «Жалағаш» қой совхозының орталығы «Қаракеткенге » көшіп келеді.
  • 1975 жылы мектеп жанынан шопан-бақташылардың балаларына арналып 25 орындық интернат үйі салынып пайдаланылуға беріледі.
  • 1975-1976 оқу жылында №115 орталау мектебі №114 орта мектеп болып құрылады.
  • 1982-1989 жылдары мектеп өндірістік оқулы орта мектеп ретінде жұмыс істейді. Оның оқу-өндірістік базасы нығайтылады. Осы жылдары оқушы саны 405-ке дейін жеткен
  • 1988-1989 оқу жылында совхоз қаржысымен жаңа үш қабатты мектеп үйі салынып, 1 -қыркүйекте сабақ осы сәулетті, жарық та жақсы жабдықталған мектепте басталды. Мектептегі 5 бастауыш, 10 пәндік оқу кабинеттері, 185 орындық кинозал, спорт зал мен әртүрлі мақсатта пайдалануға болатын шеберханалар оқу тәрбие жұмысының жандануына негіз қалады.
  • 1990-1991 оқу жылында мектепке « Корвет» ЭЕМ –нің оқыту комплектісі беріліп, соның нәтижесінде оқушылар « Информатика және есептеуіш техникасы негіздері » пәнін машиналық нұсқада оқып үйренуге кіріседі.
  • 1992-1997 жылдары жаңа мектеп үйі жылымайтын болғандықтан оқу негізінен суық кездері ескі әрі тар мектеп интернаты үйінде жүргізілді.
  • 1998-2001 жылдары мектеп үйі ұжымның күшімен жай жөндеуден өтіп, жекелеген оқу кабинеттеріне қазақы пеш салынып, жылытылды.
  • 2001-2002 оқу жылында мемлекеттік бюджет есебінен 14 оқу бөлмелерін жылытатын 4 пеш салынды.
  • 2001 жылы шілде айында мектеп жаңа үлгідегі 6/ алты/ -Pentium-II және Celeron-633 компьютерімен жабдықталды.
  • 2003 жылы жазда мектептің төбесі бюджет есебінен шифрмен шатырланды.
    Осы жылы мектепке « Petro Kazachstan» мұнай компаниясы демеушілік жасап, 4 соңғы үлгідегі компьютер, 1 лазерлік принтер және 1 ксерокс алып берді.
  • 2004 жылғы желтоқсаннның 19-да мектеп компьютерлері халықаралық интернет жүйесіне қосылды. 

 

 

Мектеп өміріндегі өрелі жетістіктерді білгілеріңіз келсе, ол мұнда

 

Мектеп жайлы толық мағлұмат алғыңыз келсе,

мына  парақты ашыңыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Hosted by uCoz