Қ  А  Р  А  К  Е  Т  К  Е  Н   -   Қ  Ұ  Т    М  Е  К  Е  Н

 

Біздің мектеп    Мектеп тынысы    Ұжым    Мект.портфолиосы  Тарихы   Мақтанышымыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 Vokzal

 

 

 

             

 

 

 

Әркімнің туған жері өзіне ыстық қой шіркін. Біздің Қаракеткен де осы жерде кіндік қаны тамған әрбір азамат үшін еліміздің ең бір мақтаулы жерінің қай-қайсысынан да кем емес. Оның кем болмайтын бірнеше реті бар.

Біріншісі – ауылдың негізгі күре тамыр Орынбор -Ташкент теміржолының бойында орналасуы.

Екіншісі – аймақта алғашқы болып, мұнда ауылдық кеңес құрылып, оған төңіректегі көптеген ауылдардың көбінің біріктірілуі.

Үшіншісі – онда кезінде алғашқы Қаракеткен МТС-і, атағы Одаққа белгілі – «Игілік» балық колхозының болғандығы.

Төртіншісі – мұнда Кеңес үкіметі кезеңінде «Жалағаш» қой совхозы ірге теуіп, соның арқасында ауыл орталығы, оның үш фермасы да барынша көркейіп, шаруашылығы алға басқан жер болуы.

Бесіншісі – міне қазір осы киелі жер, бұрынғы көлдердің , шойын жолдың бойы халықтың ризық-несібесін табуына, күнкөрісіне жарап тұрғандығы.

Ең бастысы, ауылда Қазақстан жаратылысына ұқсап, сан алуан рулар өкілдерінің ынтымағы бұзылмай бір үйлі жандай тіршілік құруы және ауылдың атын елге танытып жүрген, әлі де таныта берер ардақты азаматтарымыздың аз еместігі.

Қаракеткен елді мекені 1905-06 жылдары теміржолдың салынуына қатысқан жұрттың қоныстануынан бастау алады. Қаракеткен деп аталуын бұрынғы көне көздер осы жол салынып жатқанда оның шығыс жақ бетіндегі «Қалиярдың шүңейтіне» ірі қараның /сиырдың/ суға кетуімен байланыстырады. Бұдан басқа да жорамалдар айтылып жүр.

Осындай мекенде кезінде төңіректе алғаш рет ауылдық кеңес ашылып, МТС құрылып, «Игілік» балық колхозы мен «Жалағаш» совхозы сияқты үлкен шаруашылықтар орын тепкен еді.

 

 

 

Ауылдық кеңес   

 

Қаракеткен МТС-і

 

«Игілік» балық колхозы

 

«Жалағаш» қой совхозы

 

Бүгінгі ауыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Hosted by uCoz